Экспресс — әр түрлі оқиғалардың бірнеше нәтижелерінен жасалған ставка. Экспресс бойынша ұтыс экспресс коэффицентіне көбейтілген ставка сомасымен теңеседі. Экспресс коэффиценті осы экспресске кіретін барлық оқиғалар нәтижелерінің коэффиценттерін көбейту жолымен есептеледі. Егер экспресске қосылған барлық нәтижелер дұрыс болжанса, экспресс ұтқан болып есептеледі. Кем дегенде бір нәтиженің ұтылысы барлық экспресстің толықтай ұтылысына алып келеді. Экспрессте ойындардың кей біреулері қайтарылған жағдайда, экспресстің жалпы коэффициентін есептеу үшін, сол ойындардың коэффициенті 1 болып саналады.
Мысалы: Экспресс — ставка кестеде көрсетілген сәйкес оқиғалардың коэффициенттерімен төрт команданың жеңісіне қойылған:
# |
Командалар |
Коэффициенттер |
1 |
Команда А |
1.50 |
2 |
Команда В |
1.60 |
3 |
Команда С |
1.70 |
4 |
Команда D |
1.80 |
|
Жалпы коэффициент: |
7.34 |
Егер 4 команда жеңсе, ставка ұтты және ұтыс ставка сомасы мен жалпы коэффициенттің көбейтіндісіне тең болады. Егер бір немесе бірнеше команда жеңбесе, ставка ұтылады. Егер кез-келген себеп бойынша бір немесе бірнеше нәтижелер қайтарылған болса, бұл нәтиже(лер) экспресстен өшіріліп, бұндай нәтижелердің коэффициенті 1-ге тең болады және жалпы коэффициент қайта есептеледі.
Сондай-ақ экспресске бонус қосылады. Бонус – тұрақты коэффициентімен берілетін арнайы оқиға, коэффициенті 2.5 және одан жоғары экспресстерге қосылады. Бонус коэффициенті экспресстегі ойындар санына байланысты:
Ойындар саны |
Коэффициент |
2 |
1.02 |
3 |
1.03 |
4 |
1.04 |
5 |
1.05 |
6 |
1.06 |
7 |
1.07 |
8 |
1.08 |
9 |
1.09 |
10 және көбірек |
1.1 |
Бонусты қолдану үшін келесі шектеулер орнатылған:
а) Егер есептеу кезінде оқиғаны қайтаруға орай экспресс коэффициенті 2.5-нан төмен болатын болса, онда бонус қайтару болып есептеледі;
б) Егер экспресс құрамындағы бір немесе бірнеше ойын "1" коэффициентімен есептелсе, ол ойындар бонус коэффициентін есептеуге қатыспайды. Мысалы, экспресстегі 10 ойынның біреуі қайтарылса, бонус коэффициенті 1,09 болып есептеледі;
в) Бонус тек интернет ставкаларына қосылады;
г) Бонус «Желі», «Live» бөліміндегі барлық оқиғаларға және аралас ставкаларға қосылады.